Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің 2017 жылғы 4 мамырдағы № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 мамырда № 4253 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50 бабының 2 тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 756 қаулысына сәйкес, Нұра ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Қарағанды облысы Нұра ауданының Кертінді, Тассуат, Ақмешіт, Қантай, Балықтыкөл, Майоровка, Жанбөбек, Нығман, Көбетей, Ахмет, К. Мыңбаев, Заречное, Қарой ауылдарында және Киевка кентінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Нұра ауданы әкімінің орынбасары М.Қ. Жұманов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындауын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Нұра ауданының әкімі Н. Омарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады