Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 63/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 желтоқсанда № 4471 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 05/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданының әкімдігінің 22.01.2021 № 05/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 06 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарды квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осакаров ауданының ұйымдарына ұйымдық – құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ұйымдардың жұмыс берушілері белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Осакаров ауданы әкімінің орынбасары А. Қ. Шалабаеваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Кобжанов

  Осакаров ауданы әкімдігінің 
2017 жылғы 04 желтоқсандағы
№ 63/01 қаулысының
қосымшасы

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін қажет саны
(адам)

1

"Қарағанды облысы Осакаров ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі" мемлекеттік мекемесі

64

2

1

2

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің "Шұңқыркөл ауылының № 11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2

1

3

"Алтын Астык А" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2

1

Барлығы

165


3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады