Жансары ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің әкімінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 03 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 2 қазанда № 4361 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, Жансары ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округіндегі көшелері келесідей:

      1) Аманқоңыр ауылындағы Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне;

      2) Аманқоңыр ауылындағы Школьная көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;

      3) Аманқоңыр ауылындағы Родниковая көшесін Болашақ көшесіне;

      4) Жуантөбе ауылындағы №1 көшесін Бірлік көшесіне;

      5) Басқорық ауылындағы №1 көшесін Бейбітшілік көшесіне;

      6) Қызылтас ауылындағы №1 көшесін Достық көшесіне;

      7) Жансары ауылындағы №1 көшесін Тәуелсіздік көшесіне қайта аталсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Осакаров ауданы Жансары ауылдық округінің әкімінің 13.07.2018 № 04 (оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ. Беков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады