Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 68/02 және Қарағанды облыстық мәслихатының 2017 жылғы 03 қарашадағы № 245 "Қарағанды облысының кейбір елді мекендері мен елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4455 болып тіркелген) бірлескен қаулы және шешімі негізінде, Жансары ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жансары ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 18 қыркүйектегі № 03 "Жансары ауылдық округіндегі көшелерді қайта атау туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4361 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 12 қазанда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
"1) Аманқоңыр ауылындағы Мира көшесін Бейбітшілік көшесіне;
2) Аманқоңыр ауылындағы Школьная көшесін Ыбырай Алтынсарин көшесіне;
3) Аманқоңыр ауылындағы Родниковая көшесін Болашақ көшесіне;".
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | К.Беков |