Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 23/16 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 шілдеде № 4329 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 29.03.2019 № 2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңдарына сәйкес, Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Омар

  Ұлытау ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 10 шілдедегі №
23/16 қаулысына қосымша

Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі

р/с №

Атауы

1.

Жұмыстар:

1.1.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа объектілер салу немесе салынғанын қайта құру

1.2.

аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі және орташа жөндеу

1.3.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде жаңа объектілер салуға және салынғанын қайта құруға жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету

1.4.

аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі және орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттама жасау не бар жобалық-сметалық құжаттаманы түзету

2.

Қызметтер:

2.1.

бюджеттік даму бағдарламалары шеңберінде объектілер салу және қайта құру кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету

2.2.

аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі және орташа жөндеу кезінде тапсырыс беруші атынан техникалық қадағалау жүргізу бойынша инжинирингтік қызметтер көрсету


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады