"Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Ұлытау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 23/16 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімдігінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 2 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2019 жылғы 3 сәуірде № 5279 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Ұлытау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Ұлытау ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 23/16 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4329 болып тіркелген; 2017 жылғы 09 қыркүйек №35 (6109) санды "Ұлытау өңірі" газетінде жарияланған; Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 08 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ұлытау ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұлытау ауданының әкімі Ә.С. Омар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады