Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Ұлытау аудандық мәслихатының 05.03.2024 № 109 шешімімен (оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына сәйкес Ұлытау ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ұлытау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 12 қазандағы № 49 "Ұлытау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4014 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қазандағы № 44-45 (6068) "Ұлытау өңірі" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылдың 04 қарашасында жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ұлытау ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларының 9 тармағының 4) тармақшасы және 17, 26, 27, 28, 29 тармақтары алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Л. Мусина |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Т. Сейтжанов |