Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шет аудандық мәслихатының 24.11.2023 № 6/63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
1. Шет аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы" № 26/223 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2892 болып тіркелген, 2015 жылғы 05 қаңтардағы № 01 (10517) "Шет Шұғыласы" газетінде, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылдың 8 қаңтарында жарияланған), келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
26-2 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Респуликасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 17 наурыздағы "Өрлеу" жобасына қатысуға арналған құжаттар нысанын бекіту туралы" № 37 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15016 болып тіркелген).".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихаттың хатшысы |
Б. Төлеуқұлов |