Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 28.09.2017 № 40/415 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Приозерск қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылға меншік түріне және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыс орындары квотасы белгіленсін:
1) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметі есебінде тұрған адамдар үшін 1 қосымшаға сәйкес;
2) бас бостандығын айыру орындарынан босатылған адамдар үшін 2 қосымшаға сәйкес;
3) ата-анасынан айырылған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын азаматтар үшін 3 қосымшаға сәйкес.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Б.Ә. Қазиеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі | Қ. Камзин |
Приозерск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 11/71 қаулысына № 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р/с | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Приозерск қаласының "Достық" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 77 | 2 | 2 |
Приозерск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 11/71 қаулысына № 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р/с | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарүшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Коммуналдық тұрғын үйлерді қайта қалыптастыру басқармасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны | 237 | 2 | 5 |
Приозерск қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 11/71 қаулысына № 3 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р/с | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Квотаның көлемі (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1. | "Приозерск қаласының "Балақай" бөбекжайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны | 54 | 2 | 1 |