"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 3-1/600 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 9987 нөмірімен тіркелген) және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 20 қаңтардағы № 3-2-10/484 хатына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған субсидиялау бағыттары бойынша нормативтер, сондай-ақ, субсидиялар көлемдері бекітілсін.
2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облысы | |
әкімінің міндетін атқарушы | Р. Рүстемов |
Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы "26" қаңтардағы № 700 қаулысымен бекітілген |
Субсидиялау бағыттары бойынша нормативтер, сондай-ақ, субсидиялар көлемдері
Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:млн - миллион.