"2017 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 690 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 926 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 қарашада № 6024 болып тіркелді. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "2017 жылға арналған мемлекеттік инвестициялық жобалардың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 690 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5707 нөмірімен тіркелген, облыстық "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2017 жылдың 28 қаңтарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 23 ақпанында жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      аталған қаулының 1-тармағының 2), 3), 5) тармақшалары алынып тасталсын;

      аталған қаулының 1, 4-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

  Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы "31" қазандағы № 926 қаулысына 1-қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 690 қаулысына 1-қосымша

Техникалық-экономикалық негiздемелерін әзiрлеу немесе түзету, сондай-ақ, оларға қажетті сараптамалар жүргізу "Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2017 жылға арналған бюджеттiк инвестициялық жобалардың Тiзбесi

Жобаның атауы

Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ, қажетті сараптамалар жүргізу сомасы,
мың теңге

1

2

3


"Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі

1

Қызылорда қаласындағы ферроқорытпа зауытын сыртқы электрмен жабдықтау

28 356

2

Байқоңыр кешеніндегі сумен қамту және кәріз жүйелерін және құрылыстарын кеңейту және қайта жаңғырту

15 000


"Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі

3

Қызылорда облысының Шиелі ауданында Сырдария өзенінің Күміскеткен учаскесінде суларды жинау үшін су қоймасын салу

20 629,5


  Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы "31" қазандағы № 926 қаулысына 2-қосымша
  Қызылорда облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 қаңтардағы № 690 қаулысына 4-қосымша

"Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын 2017 жылға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтердің Тізбесі

Жобаның атауы

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі қызметтерді
қаржыландыру сомасы,
мың теңге

1

2

3


"Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі

1

Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде 250 қабылдауға арналған емхананың құрылысы

13 876

2

Арал ауданы Бекбауыл ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы

8 607

3

Сырдария ауданы Ақжарма ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы

8 607

4

Қазалы ауданы Өркендеу ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы

8 607

5

Шиелі ауданы Жөлек ауылдық округінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы

3 338


"Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі

6

Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

8 607

7

Қармақшы ауданы Ақай ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы

8 607

8

Қызылорда қаласы "Мерей" мөлтек ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу

6 199


"Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі

9

Шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қызылорда су жүйесі" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнын сенімгерлік басқаруға беру

2 385


"Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі

10

Жаңақорған ауданы Өзгент ауылдық округінде 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы

9 538


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады