Жекелеген санаттағы азаматтарға жеңілдіктер беру туралы

Жаңа

Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 қазандағы № 113-17/5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 10 қарашада № 6020 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 44-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 1996 жылғы 1 қаңтарға дейін "Отан", "Даңқ" ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі – "Халық Қаһарманы" атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға әлеуметтік қолдау үшін - ай сайын 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жеңілдік берілсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық мәслихатының
кезектен тыс ХVІІ сессиясының төрағасы
Ғ.ЖАҚСЫЛЫҚОВ
      Қызылорда қалалық
мәслихатының хатшысы
Р. БОХАНОВА
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________ М.ЕРГЕШБАЕВ
"25" қазан 2017 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады