"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына, облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 22 қарашадағы № 4, 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындыларына сәйкес Белкөл кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қаласы Белкөл кентінің келесі көшелеріне:
1) "2-Линия" көшесіне - "Талғат Әбуов" есімі;
2) "Железнодорожная" көшесіне - "Қожахмет Шохаманов" есімі;
3) "Путейская" көшесіне - "Сүлеймен Ыбырайұлы" есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Белкөл кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы Н.Қуанышбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кент әкімі | А. Ибрагим |