Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 13 маусымдағы № 95-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 маусымда № 5888 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 14 ақпандағы № 19-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 14.02.2019 № 19-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2 пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

      2. "Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы"Арал ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 30-қ қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5745 болып тілкелген, 2017 жылдың 16 наурызында Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Ж. Әлішева
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Арал ауданы мүгедектер ұйымы"
      қоғамдық бірлестігінің төрағасы
      ___________ Д. Нұрғалиев
      13 маусым 2017 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Арал құрылысы"
      жауапкершілігі шектеулі
      серіктестігінің төрағасы
      ___________ М. Құлмырзаев
      13 маусым 2017 жыл
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан "Спартак" дене
      тәрбиесі-спорт қоғамы
      Республикалық қоғамдық бірлестігі
      Арал филиалының төрағасы
      ___________ Е. Айекешов
      13 маусым 2017 жыл

  Арал ауданы әкімдігінің "13" маусым 2017 жылғы № 95-қ қаулысына 1- қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 16.05.2018 № 321-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Құланды" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

50

2

1


  Арал ауданы әкімдігінің "13" маусым 2017 жылғы № 95-қ қаулысына 2- қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 16.05.2018 № 321-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Арал құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

56

2

1


  Арал ауданы әкімдігінің "13" маусым 2017 жылғы № 95-қ қаулысына 3- қосымша

Ата-анасынан кәмілеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 16.05.2018 № 321-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

Қазақстан "Спартак" дене тәрбиесі-спорт қоғамы Республикалық қоғамдық бірлестігі Арал филиалы

50

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады