Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 07.12.2021 № 159 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
2. Келесі тәртіп айқындалсын:
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды "Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі арқылы жүзеге асырылады;
2) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларға үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу толық мемлекет қарауындағы мүгедек балалардан басқа ата-анасының біреуіне немесе үйде оқытылатын мүгелек балалардың заңды өкіліне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
3) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасындағы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес ұсынылады (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелді);
4) оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу психологиялық-медициналық кеңестің қорындысымен кемтар баланы үйде оқытудың қажеттілігі танылған жағдайда, өтініш берілген айдан бастап тағайындалады;
5) шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соғатын жағдайлар туындағанда (мүгедек балалардың он сегіз жасқа толуы; мүгедек баланың қайтыс болуы; мүгедектікті алып тастау, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңінде), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.