"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы Ақжона ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданы Ақжона ауылдық округі Майдакөл ауылының мына көшелері:
1) "Азамат" көшесі "Оңдалы Кітабалиев" есімімен;
2) "Ақжона" көшесі "Ібайдулла Қалниязов" есімімен;
3) "Алға" көшесі "Қожамберлі Байжанов" есімімен;
4) "Жаңаталап" көшесі "Махамбетжан Жеткербаев" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақжона ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
А.Бөріқұлақов |