"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына және облыстық ономастика комиссиясының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Қазалы ауданы Майдакөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазалы ауданының Майдакөл ауылдық округі Бекарыстан би ауылындағы "Сейфуллин" көшесінің батыс бетіндегі бір қатарын "Қалу Сариевтің" есімімен қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Майдакөл ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы А.Сқақовқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Майдакөл ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы |
Ғ.Зинадинов |