Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 23.02.2022 № 137 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды (бұдан әрі - кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өтеу (бұдан әрі - шығындарды өтеу) мөлшері тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2. Шығындарды өтеуді "Қармақшы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) және Байқоңыр қаласы үшін осы уәкілетті органның Байқоңыр қаласы бойынша секторы кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне өтініш берген айдан бастап тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 14.08.2019 № 255 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерi жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсалған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11342 нөмірімен тіркелген) 22-қосымшасымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес 9тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 01.10.2018 № 193 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).4. Шығындарды өтеу кемтар балалар:
1) он сегіз жасқа толғанда;
2) қайтыс болғанда;
3) мүгедектігін алып тастағанда;
4) интернат-үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;
6) Қармақшы ауданының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде тоқтатылады.
Шығындарды өтеу көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.