Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 02.06.2017 № 110 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылға ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға жұмыс орындарына квота белгіленсін:
1) елуден жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде;
2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайыз мөлшерінде;
3) екі жүз елу бірден артық адам - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайыз мөлшерінде.
2. 2017 жылға жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде:
1) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін;
3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмысқа орналастыру квоталары белгіленсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Жалағаш ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т. Дүйсебаев |