Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің 2017 жылғы 15 мамырдағы № 8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 мамырда № 5834 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімінің 05.06.2017 № 9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, “Азаматтық қорғау туралы” Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына, 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, “Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2-шілдедегі № 756 қаулысына және Жалағаш ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысының 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 3 хаттамасына сәйкес Жалағаш ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Ақсу, М.Шәменов, Таң ауылдық округтерінің аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары А.Дәрібаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылдың 28 сәуірінен бастап пайда болған қатынастарға таралады.

      Жалағаш ауданының әкімі Т. Дүйсебаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады