“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. “Үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 31 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4910 болып тіркелген, 2015 жылы 18 наурызда “Жалағаш жаршысы” газетінде және 2015 жылы 30 наурызда “Әділет” ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | Т. Дүйсебаев |
“КЕЛІСІЛДІ” | |
Жалағаш аудандық сайлау | |
комиссиясының төрағасы | |
______________ С.Әлиев | |
29 мамыр 2017 жыл |
Жалағаш ауданы әкімдігінің | |
2017 жылғы 29 мамырдағы | |
№ 103 қаулысына қосымша | |
Жалағаш ауданы әкімдігінің | |
2015 жылғы 2 наурыздағы | |
№ 31 қаулысына қосымша |
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары
№ | Елді мекеннің атау | Орналасқан жері |
1 | 2 | 3 |
1 | Жалағаш кенті | Желтоқсан көшесі №7 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қонысбек Қазантаев атындағы Мәдениет үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының жаны |
2 | Жалағаш кенті | К.Мырзалиев көшесі №73 мекен-жайда орналасқан Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының “Амбулаториялық-емханалық қызметі бар Жалағаш аудандық орталық ауруханасы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды |
3 | Жалағаш кенті | Абай көшесі №42 мекен-жайда орналасқан Әділет базарының жаны |
4 | Жалағаш кенті | Жеңістің 50 жылдығы көшесі №20 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №202 Зейнолла Жарқынбаев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
5 | Жалағаш кенті | Желтоқсан көшесіндегі орталық алаң (оңтүстік жағы) |
6 | Жалағаш кенті | Желтоқсан көшесіндегі орталық алаң (солтүстік жағы) |
7 | Жалағаш кенті | Қазбек би көшесі №40 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №31 мектеп-гимназия” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
8 | Жалағаш кенті | Жеңістің 50 жылдығы көшесі бойындағы “Ай-ару” кешені ғимаратына қарама-қарсы |
9 | Ақсу ауылдық округінің Ақсу ауылы | Т.Елеусинов көшесі №14 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №116 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
10 | М.Шәменов ауылдық округінің М.Шәменов ауылы | Бұқарбай батыр көшесі №6 мекен-жайда орналасқан “М.Шәменов ауылдық округі әкімі аппаратының М.Шәменов ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды |
11 | Қаракеткен ауылдық округінің Қаракеткен ауылы | Игілік көшесі №8 мекен-жайда орналасқан “Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының Қаракеткен ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды |
12 | Қаракеткен ауылдық округінің Далдабай ауылы | Далдабай көшесі №22 мекен-жайда орналасқан “Қаракеткен ауылдық округі әкімі аппаратының Далдабай ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды |
13 | Бұқарбай батыр ауылдық округінің Бұқарбай батыр ауылы | Бұқарбай батыр көшесі №21 мекен-жайда орналасқан “Бұқарбай батыр ауылдық округі әкімі аппаратының Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды |
14 | Аққұм ауылдық округінің Аққұм ауылы | Бейбітшілік көшесі №31 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің Алдаберген Бисенов атындағы №38 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
15 | Таң ауылдық округінің Таң ауылы | Орынбай жырау көшесі №5 мекен-жайда орналасқан Жалағаш ауданы әкімдігінің “Таң ауылдық округі әкімі аппараты” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
16 | Таң ауылдық округінің Жаңа қоныс ауылы | Жаңа қоныс көшесі №17 мекен-жайда орналасқан дәрігерлік пункті ғимаратының алды |
17 | Еңбек ауылдық округінің Еңбек ауылы | Т.Дауытбаев көшесі №5 мекен-жайда орналасқан “Еңбек ауылдық округі әкімі аппаратының Аққошқар ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды |
18 | Аламесек ауылдық округінің Ақарық ауылы | К.Әбішев көшесі №24 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №124 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
19 | Жаңадария ауылдық округінің Жаңадария ауылы | Достық көшесі №20 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №203 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
20 | Мырзабай ахун ауылдық округінің Мырзабай ахун ауылы | Ә.Жүргенбаев көшесі №28 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №122 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
21 | Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылы | Мектеп көшесі №61 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №32 Ілияс Қабылов атындағы мектеп-лицей” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |
22 | Мақпалкөл ауылдық округінің Темірбек Жүргенов атындағы ауылы | Ә.Оңалбаев көшесі №38 мекен-жайда орналасқан “Мақпалкөл ауылдық округі әкімі аппаратының Темірбек Жүргенов ауылдық мәдениет Үйі” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды |
23 | Жаңаталап ауылдық округінің Жаңаталап ауылы | Ә.Қожабаев көшесі №56 мекен-жайда орналасқан “Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының Жаңаталап ауылдық клубы” коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды |
24 | Аққыр ауылдық округінің Аққыр ауылы | Н.Таспенов көшесі №4 мекен-жайда орналасқан “Жалағаш аудандық білім бөлімінің №188 орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды |