Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 23.04.2018 № 221 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жер салығының мөлшерлемелері туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 мамырдағы № 05-16/126 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5854 болып тіркелген, 2017 жылдың 14 маусымында Қазақстан Республикасының Эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің 3-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"Осы шешім, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған аудандық мәслихатының кезекті ХV сессиясының төрағасы |
Т. Мамуов |
Жаңақорған аудандық мәслихатының хатшысы | Е.Ильясов |