Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 14.09.2018 № 257 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабына сәйкес Жаңақорған аудандық маслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың (бұдан әрі-кемтар балалар) ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу (бұдан әрі - шығындарды өтеу) мөлшері тоғыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
2. Шығындарды өтеуді "Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) кемтар балалардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне тиісті оқу жылы кезеңінде тоқсан сайын аудан бюджеті қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Ескерту. 2 тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 23.04.2018 № 217 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)3. Кемтар балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері жеке оқыту жоспары бойынша кемтар балаларын үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін өтінішті қабылдау немесе мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Әлеуметтік – еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11342 болып тіркелген) 25 - қосымшасымен бекітілген "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-тармағында көрсетілген тәртіппен жүзеге асырылады және 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
4. Шығындарды өтеу кемтар балалар:
1) он сегіз жасқа толғанда;
2) қайтыс болғанда;
3) мүгедектігін алып тастағанда;
4) интернат - үйі немесе санаторлық мектепте оқып жатқан кезеңінде;
5) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысының мерзімі аяқталғанда;
6) Жаңақорған ауданының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткенде тоқтатылады.
Шығындарды өтеу көрсетілген жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
5. "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2017 жылғы 8 тамыздағы № 05-16/147 Жаңақорған аудандық мәслихаты шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5951 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қарашасында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.