Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия кенті әкімінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 59 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 6076 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия кенті әкімінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 120 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия кенті әкімінің 28.11.2018 № 120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2017 жылғы 02 қарашадағы №572 ұсынысы негізінде Шалқия кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Шалқия кентінің Шалқия кентінің орталығында ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты шекту іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқия кентінің әкімі М. Ауанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады