"Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Шалқия кенті әкімінің 2017 жылдың 4 желтоқсандағы №59 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Шалқия кенті әкімінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 120 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 5 желтоқсанда № 6549 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабына және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының 2018 жылғы 23 қазандағы №580 ұсынысы негізінде, Шалқия кентінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақорған ауданы, Шалхия кентінің орталығында ұсақ малдардың арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.

      2. Шалқия кенті әкімінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 59 "Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6076 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды "Шалқия кенті әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы А.Изтаевға жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шалқия кентінің әкімінің
міндетін атқарушы
А.Садыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады