Жеңiлдiк беру туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 125 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қыркүйекте № 5970 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 44-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)тармақшасына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн "Отан", "Даңқ" ордендерiмен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесi – "Халық Қаһарманы" атағына, республиканың құрметтi атақтарына ие болған азаматтарға әлеуметтік қолдау үшін ай сайын - 1,9 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде жергілікті бюджет қаражаты есебінен жеңiлдiк берiлсiн.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
14 сессиясының төрағасы:
Е.Жақыпов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы: Е.Әжікенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады