Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 240 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 қазанда № 6002 болып тіркелді.

      Ескерту. Келісу таңбасы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 11.02.2022 № 30 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сырдария ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері айқындалсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ғ. Қазантаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер
министрлігі Қызылорда облысының
полиция департаменті Сырдария ауданының
полиция бөлімімен"

  Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы "16" қазандағы № 240 қаулысына қосымша

Сырдария ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаға редакцияда - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 19.10.2020 № 233 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1. Көтермелеудің түрлері

      1. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) алғыс жариялау;

      2) грамотамен марапаттау;

      3) ақшалай сыйақы беру.

2. Көтермелеудің тәртібі

      2. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге жәрдем қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн Сырдария ауданы әкімдігімен құрылатын қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі аудандық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қарайды.

      3. Қылмыстың алдын алуға және жолын кесуге, қоғамдық тәртiптi қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу жөніндегі ұсыныстарды Комиссияға қарауға "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігі Қызылорда облысының полиция департаментi Сырдария ауданының полиция бөлімі" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Полиция бөлімі) енгiзедi.

      4. Комиссияның құрамына аудандық жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, полиция бөлімінің өкілдері енгізіледі.

      5. Комиссия қабылдаған шешім - көтермелеу үшін, ал комиссия қабылдаған шешімге сәйкес полиция бөлімі бастығының бұйрығы - көтермелеуге ақы төлеу үшін негіз болып табылады.

      6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан азаматтарға көтермелеу шараларын полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

3. Ақшалай сыйақының мөлшері

      7. Ақшалай сыйақының мөлшерін комиссия қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көтермеленетін адамның қосқан үлесін және ол немесе оның қатысуымен жолы кесілген құқыққа қарсы әрекеттің нәтижесінде келтірілуі мүмкін залалдың көлемін ескере отырып белгілейді және ол, әдетте, 10 айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

      8. Ақшалай сыйақыны төлеуді көтермелеуге ұсыныс енгізген полиция бөлімі облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады