"Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 240 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 11 ақпандағы № 30 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 18 ақпанда № 26842 болып тіркелді

      Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы" Сырдария ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 240 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6002 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының астыңғы сол жақ бұрышына орналасқан келісу таңбасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      министрлігі Қызылорда облысының

      полиция департаменті Сырдария ауданының

      полиция бөлімімен".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сырдария ауданының әкімі М. Ергешбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер
      министрлігі Қызылорда облысының
      полиция департаменті Сырдария
      ауданының полиция бөлімімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады