Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 14.09.2017 № 1191 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының квоталары:
1) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
3) ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін 2017 жылға ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан Шиелі ауданының ұйымдарында жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Шиелі ауданы әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Шиелі ауданының әкімі | Қ. Сәрсенбаев |