"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы , "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына және Қызылорда облыстық онамастикалық комиссиясының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 1 қорытындысына сәйкес Ақтоған ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шиелі ауданы, Ақтоған ауылдық округі, Досбол датқа ауылының атауы жоқ көшесіне "Қоңыр Нұрманов" атауы берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау "Ақтоған ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы Г.Жүзбаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақтоған ауылдық округінің әкімі | Ө.Әбдікәрімов |