Қарақия ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2017 жылғы 4 тамыздағы № 11/144 шешімі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 тамыздағы № 188 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 қыркүйекте № 3421 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңына сәйкес және Қарақия аудандық мәслихаты мен Қарақия ауданы әкімдігінің пікірлерін ескере отырып, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сенек селосының мемлекеттік тіліндегі атауы "Сенек ауылы" болып өзгертілсін.

      2. Бостан селосының мемлекеттік тіліндегі атауы "Бостан ауылы" болып өзгертілсін.

      3. Құланды селосының мемлекеттік тіліндегі атауы "Құланды ауылы" болып өзгертілсін.

      4. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас инспектор А. Ерболов) осы бірлескен қаулы мен шешімнің (бұдан әрі – қаулы мен шешім) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Ғ. Нұрғазиеваға жүктелсін.

      6. Осы қаулы мен шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов
      Сессия төрағасы Қ. Әбдірахман
      Облыстық мәслихат хатшысы Б. Жүсіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады