РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14813 болып тіркелген) сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес мал шаруашылығы салалары бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеуге арналған субсидиялау бағыты бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қойылатын өлшемдер мен талаптар;
осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдері.
2. "Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі (С.Б. Берішбаев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Жүсіповке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.
Облыс әкімі | Е. Тоғжанов |
"Маңғыстау облысының
ауыл шаруашылығы басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
С.Б. Берішбаев
"12" 09 2017 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2017 жылғы "12" 09 | |
№ 211 қаулысына | |
1 қосымша |
Мал шаруашылығы салалары бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеуге арналған субсидиялар нормативтері
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
1 | Қой шаруашылығы | бас | 1500 |
2 | Жылқы шаруашылығы | бас | 1870 |
3 | Түйе шаруашылығы | бас | 1600 |
4 | Жұмыртқалы құс шаруашылығы | бас | 300 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2017 жылғы "12" 09 | |
№ 211 қаулысына | |
2 қосымша |
Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеуге арналған субсидиялау бағыты бойынша ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қойылатын өлшемдер мен талаптар
№ | Субсидиялау бағыты | Өлшемдер мен талаптар |
1 |
Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеу | Аналық мал басының болуы |
Барлық малдарда бірдейлендіру нөмірлерінің және олардың ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі деректер базасында тіркелуінің болуы | ||
Ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2017 жылғы "12" 09 | |
№ 211 қаулысына | |
3 қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдері
№ | Субсидиялау бағыты | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге |
Субсидияланатын көлем, бас/ |
Субсидия сомасы, |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту | ||||
1 |
Қой шаруашылығында селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу: | 2 500 | 5776 | 14 440,0 |
2 | Асыл тұқымды қойлар сатып алу: | |||
1) | тұсақтар | 8 000 | 935 | 7 480,0 |
2) | тұқымдық қошқарлар | 20 000 | 30 | 600,0 |
3 | Отандық және шетелдік асыл тұқымды репродукторлардан ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу | 400 | 20 000 | 8 000,0 |
4 | Етті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | 150 000 | 2 | 300,0 |
5 | Асыл тұқымды жылқылар сатып алу: | |||
1) | байталдар | 40 000 | 120 | 4 800,0 |
2) | еркек жылқылар | 100 000 | 10 | 1 000,0 |
Барлығы | 36 620,0 | |||
Өнім өндірісінің құнын арзандату | ||||
6 | Түйе еті | 90 | 15 000 | 1 350,0 |
7 | Түйе сүтін өндіру және қайта өндеу | 55 | 285 000 | 15 675,0 |
8 | Жылқы еті | 92 | 15 000 | 1 380,0 |
9 | Бие сүтін өндіру және қайта өндеу | 60 | 60 000 | 3 600,0 |
10 | Қозы еті | 1500 | 300 | 450,0 |
Барлығы | 22 455,0 | |||
Ауыл шаруашылығы жануарларының азығына кеткен шығындар құнының 50 %-ға дейінгі мөлшерін өтеу | ||||
11 | Қой шаруашылығы | 1500 | 6000 | 9 000,0 |
12 | Жылқы шаруашылығы | 1870 | 1500 | 2 805,0 |
13 | Түйе шаруашылығы | 1600 | 1200 | 1 920,0 |
14 |
Жұмыртқалы | 300 | 25 000 | 7 500,0 |
Барлығы | 21 225,0 | |||
Жиынтығы | 80 300,0 |