Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй - жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 232 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 қазанда № 3445 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы "Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 33 "Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй–жайлардың орналастырылуын бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2653 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде "Маңғыстау" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      қосымшада:

      реттік нөмірі тоғызыншы жолдан кейін, келесідей мазмұндағы реттік нөмірі оныншы жолмен толықтырылсын;

      "

10.

"Ақтау" сауда ойын-сауық кешені

16 шағын аудан, "Ақтау" сауда
ойын-сауық кешені, 1- қабат, "Сафи" сауда орны

      ";

      реттік нөмірлері оныншы, он бірінші, он екінші жолдар келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:      

      "

11.

"Кітап әлемі" дүкені

Бейнеу ауылы, "Тәуелсіздік" алаңы,
№ 1 сауда орны

12.

"Дана" супермаркеті

Бейнеу ауылы, Бейбарыс көшесі

13.

"Аян" дүкені

Бейнеу ауылы, Қашаған көшесі
№ 47 үй

      ".

      2. "Маңғыстау облысының дін істері басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Е.Ж. Есбергенов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақтау қаласы әкімінің

      міндетін атқарушы

      Н.Қ. Аққұлов

      "09" 10 2017 ж.

      Бейнеу ауданының әкімі

      Б.К. Әбілов

      "09" 10 2017 ж.

      "Маңғыстау облысының

      дін істері басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Е.Ж. Есбергенов

      "09" 10 2017 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады