Ақтау қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 5 маусымдағы № 1028 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 29 маусымда № 3384 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 932 "Ақтау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 819 "Ақтау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген сауда орындарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2486 болып тіркелген, 2014 жылдың 18 тамызында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) және 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 534 "Ақтау қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 10 маусымдағы № 819 "Ақтау қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген сауда орындарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2737 болып тіркелген, 2015 жылдың 13 маусымында "Маңғыстау" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Ақтау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Е.Қ. Төретаев) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Т.Ж. Көшмағанбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі С. Трұмов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Ақтау қалалық кәсіпкерлік,

      ауыл шаруашылығы және

      ветеринария бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Ж.Тоқбаева

      "05" 06 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады