Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 08 ақпандағы № 76 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 24 ақпанда № 3277 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 19 маусымдағы № 256 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 19.05.2022 № 256 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, Жаңаөзен қаласы бойынша мүгедектер үшін келесідей мөлшерлерде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін:

      1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

      2) жүзден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

      3) екі жүз елуден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

      2. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 4 желтоқсандағы № 570 "Жаңаөзен қаласының мүгедектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2181 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 қаңтарда №2 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Б.Маркашова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н. Худибаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е. Әбілов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Б.Э. Маркашова

      "06" февраль 2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады