Жаңаөзен қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 439 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 26 шілдеде № 3393 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласы әкімдігі қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жаңаөзен қаласы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Б.Овезов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.Овезовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е. Әбілов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы

      және ветеринария бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      А. Тұрақов

      "10" шілде 2017 жыл

      "Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық

      шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Н. Мұстафаев

      "10" шілде 2017 жыл

      "Жаңаөзен қалалық экономика және

      қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      Р. Жантлеуова

      "10" шілде 2017 жыл

  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
  2017 жылғы "10" шілде №439
  қаулысына қосымша

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 483 "Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2688 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      2. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 482 "Жаңаөзен қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2690 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);

      3.Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 25 маусымдағы № 612 "Жаңаөзен қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2788 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады