"Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 483 қаулысы. Маңғыстау облысы әділет департаментінде 2015 жылғы 21 сәуірде № 2688 болып тіркелді. Күші жойылды Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 10 шілдедегі № 439 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 10.07.2017 № 439 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413 Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2."Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Р.К.Джантлеуова):

      осы қаулының Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;

      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. Худибаевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі

С. Трұмов


  Жаңаөзен қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 16 сәуір № 483
қаулысымен бекітілген

"Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) Жаңаөзен қаласы әкімдігімен қаланың коммуналдық мүлкін басқаруға және бюджетті орындау, жергілікті бюджетті орындау бойынша бюджеттік есепті және есеп беруді жүргізу, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің дамуы мен қалыптасуы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Егер мекеме заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 130200, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, әкім аппаратының ғимараты.

      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жаңаөзен қалалық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Мекеме қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Мекеме кәсіпкерлік субъектілерімен мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мекеменің миссиясы: қала бюджетінің уақытылы және толықтай атқарылуын, бюджеттік бағдарламаларды толықтай қаржылық қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік қаржылық ресурстардың құрылуы және пайдалануы кезінде операциялардың нақты есепке алынуы мен сенімді бақылауын қамтамасыз етуі. Жаңаөзен қаласының экономикасының жоғары бәсекелестікке жетуіне және экономикалық өсуіне ықпал жасау мақсатында, коммуналдық меншіктің тиімді басқарылуы. Жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларының орындалуына мониторинг жүргізу. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу. Жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесін қалыптастыру және іске асырудың мониторингін жүргізу. Қалалық бюджетті нақтылау туралы ұсыныстар әзірлеу. Тиісті қаржы жылына қалалық бюджетті бекіту және нақтылау туралы мәслихат шешімдерінің жобасын және мәслихат шешімін іске асыру туралы қала әкімдігінің қаулыларын әзірлеу. Алдағы үш жылға жергілікті бюджет түсімдерін қаматамасыз ету. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың функцияларына және штаттық кестесіне талдау жүргізу. Мақсатты нәтижелерге қол жеткізу үшін мекеме аппаратының қызметін қамтамасыз ету.

      14. Міндеттері:

      1) мемлекет мүддесінде коммуналдық мүлікті басқару;

      2) бюджеттік саясатты іске асыруға қатысу, бухгалтерлік есепті, мемлекеттік қаржының бухгалтерлік есебін орындау, жүргізу, жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті жасау, салықтың және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке толық және уақытылы түсуін қамтамасыз ету, бюджеттік несиелеу саласында мемлекеттік реттеу;

      3) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына негізделген басты бағыттар мен стратегиялық мақсаттарын қалыптастыру;

      4) Қазақстан Республикасының заңамасымен мекемеге жүктелген өзге де міндеттер.

      15. Функциялары:

      1) Жаңаөзен қаласының коммуналдық мүлкін тиімді басқару саясатын жүзеге асырады;

      2) Жаңаөзен қаласы әкімдігінің Жаңаөзен қаласының қаржы және коммуналдық мүлікті басқару саласында жүргізілетін мемлекеттік саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      3) жергілікті бюджетті орындайды;

      4) міндеттемелері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын және жергілікті бюджеттің түсімдердің және қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және жүргізеді;

      5) ақылы қызметтің қолма-қол ақша, демеушілік, қайырымдылық көмек, уақытша ақша орналастыру мен шетелдік валюта шоттары бойынша жергілікті бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік қаражат бойынша қаржыландыру жоспарларын орындау туралы, тоқсандық және жылдық есептіліктерін қабылдайды және талдайды;

      6) жергілікті бюджеттің атқарылуы бойынша бюджеттік есептілікті, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың мемлекеттік сатып алу бойынша есептілігін жүргізуді және жасауды қамтамасыз етеді;

      7) жергілікті бюджеттің орындалу мониторингін жүзеге асырады;

      8) бюджеттік қаражаттарды басқару бойынша жергілікті мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

      9) жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік несиелігі мен борышының мониторингісі мен есепке алуды жүргізеді;

      10) өз құзыретінің шегінде қалалық коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      11) коммуналдық мүлік объектілерінің тізбесіне енгізілген, коммуналдық мүліктерді жекешелендіру бойынша алдын-ала келісім жүргізеді;

      12) коммуналдық мүлікті басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      13) облыс әкімдігімен алдын-ала келісім негізінде коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады;

      14) коммуналдық заңды тұлғаларды құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы, сондай-ақ акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысу, оларды құру, қайта ұйымдастыру, тарату, акционерлік қоғамдардың өздеріне тиесілі акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін иеліктен шығару туралы ұсыныстар енгізеді;

      15) жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар мемлекеттік емес заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы) болады;

      16) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, келіседі және бекітеді;

      17) мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      18) коммуналдық мүліктерді коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;

      19) коммуналдық заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерін құруына келісім береді;

      20) коммуналдық мүлікті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақшаны жауапкершілі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе акционерлік қоғамдардың акцияларын төлеуге беруді қамтамасыз етеді;

      21) өз ведомствосына қарасты шаруашылық жүргізу құқығындағы қалалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бөлігінің нормативін мемлекеттік органдармен келіседі;

      22) коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;

      23) қолданыстағы заңнама тәртібімен жеке меншіктен мүлікті ерікті және өтеусіз негізде қалалық коммуналдық меншікке қабылдайды;

      24) жеке меншіктен қалалық коммуналдық меншікке ерікті және өтеусіз берілген мүліктердің есебін жүргізеді;

      25) қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жекелеген негіздерде мемлекет меншігіне өткізілген өтеусіз мүліктерді қабылдайды;

      26) коммуналдық мүліктің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

      27) коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      28) коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асыру кезінде, оның ішінде жекешелендіру үдерісін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу –сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      29) сенімгерлікпен басқарушының коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерін орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

      30) қаланың бюджеттік іс жүрісін әдістемелік басшылыққа алу;

      31) жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламаларын жүзеге асыру, олардың орындалуына мониторинг жүргізу;

      32) заңды тұлғаның жарғылық капиталын өсіру мен қалыптастыруда қатысуы арқылы бюджеттік инвестиция бойынша ұсыныстарды қалыптастыруды жүзеге асыру;

      33) заңды тұлғаның жарғылық капиталын өсіру мен қалыптастыруда қатысу арқылы өткізудегі бюджеттік инвестицияны қаржы-экономикалық негіздеу бойынша сараптаманың қорытындысын дайындау;

      34) бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) техникалық-экономикалық негіздемелеудегі экономикалық сараптама қорытындысына келісім жасау;

      35) жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) басымдық тізбесін қалыптастыру;

      36) бюджеттік инвестицияларды іске асырудың мониторингін жүзеге асыру, бюджеттік инвестициялардың тиімді жүзеге асыру шараларын іске асыру бойынша ұсыныстарды беру;

      37) Маңғыстау облысы бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жергілікті бюджеттің қаражат есебінен жүзеге асыратын бюджеттік инвестицияларды іске асыру туралы жиынтық ақпаратты құру және ұсыну;

      38) стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламасын жинау және қарау;

      39) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу;

      40) қалалық бюджетті нақтылау (түзету) туралы ұсыныстар әзірлейді;

      41) тиісті қаржы жылына қалалық бюджетті бекіту туралы мәслихат шешімдерінің жобасын әзірлейді, бюджетке өзгерістер мен толықтыруларды енгізеді;

      42) тиісті қаржы жылына қалалық бюджетті бекіту туралы мәслихаттың шешімін іске асыру жөнінде қала әкімдігінің қаулысының жобасын әзірлеу;

      43) үш жылдық мерзімге арналған облыстық бюджет пен қала бюджетінің арасындағы жалпы сипаттағы ресми трансферттің көлемі туралы мәслихаттың шешімінің жобасын әзірлеу;

      44) мекеменің жылдық қаржыландыру жоспарын дайындау және бекіту;

      45) мемлекеттік бағдарламаларды дайындауға қатысу, олардың іске асырылуына жалпы бақылауды жүргізу;

      46) бюджеттік жоспарлауды, әлеуметтік-экономикалық дамуды іске асыру мен дайындауды әдістемелік қамсыздандыру;

      47) қаланың төлқұжатын әзірлеу;

      48) жергілікті бюджет түсімдерін болжау;

      49) қалалық бюджетті әзірлеу барысында бюджет бағдарламаларының әкімшіліктерімен бюджеттік өтінімдері бойынша қорытындыны қарау, талдау және дайындау;

      50) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізу;

      51) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың функциялары мен штаттық кестесіне талдау жүргізу, штаттық санын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу;

      52) мекеменің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша нормативтік құқықтық актілерді дайындау;

      53) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен өзіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      16. Құқықтары мен міндеттері:

      1) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан ақпарат сұратуға және алуға;

      2) салық органдарынан қала бюджетінің салықтарының және басқа да міндетті төлемдерінің сомаларының түсімдері туралы Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі белгілеген нысанда және мерзімде есептерін, барлық мемлекеттік заңды тұлғалардан бухгалтерлік баланстарын және салық салу объектілері мен құрамы, қаржы шаруашылық қызметі бюджеттің орындалуын ұйымдастыру үшін, сондай-ақ мекемеге жүктелген және құзыретіне кіретін басқа да функцияларды орындау үшін қажетті статистикалық және өзге де материалдарды алуға;

      3) бюджеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есеп беру бойынша әдістемелелік басшылық етуді жүзеге асыруға;

      4) келісім бойынша бірлескен қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен бақылауды жүргізуге;

      5) қаржылық тәртіптің сақталуында және өз құзыретінің өзге де мәселелерінде бұзушылықтар анықталған жағдайларда, тиісті органдарға жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарға, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға және коммуналдық меншік акцияларының мемлекеттік үлестері бар заңды тұлғаларға тексеру жүргізу туралы ұсыныстар енгізуге;

      6) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінде, оралымды басқару және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда, коммуналдық меншіктің мемлекеттік үлесі мен акциялардың мемлекеттік пакеттері бар заңды тұлғаларға бақылау жүргізу актілерін, осыны жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардан сұратуға;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мекемеге жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      14. Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      15. Мекеменің бірінші басшысын мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, қала әкімдігінің конкурстық комиссиясының шешімі негізінде, қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      Мекеменің басшысы мемлекеттік мекемеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жеке дара жауапкершілік артады.

      16. Мекеменің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      17. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) өз орынбасарларының, мекеме басшыларының міндеттерін және өкілеттіктерін анықтайды, басшылық қызметтерге әйелдер мен ерлерді ұсынған кезде гендерлік теңгерімді сақтауды қамтамасыз етеді;

      2) қолданыстағы мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте, мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар береді, көтермелеу мен материалдық көмек мәселелерін шешеді;

      4) мекеменің бұйрықтарына қол қояды;

      5) мекеменің штат кестесі мен құрылымын бекітеді;

      6) барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес мекемеге уәкілдік етеді;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      18. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      19. Мекеме аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мекеме басшысы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      21. Мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мекемені қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады