Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 272 "Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 80 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 3348 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңдарына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 272 "Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2355 болып тіркелген, 2014 жылғы 17 ақпанында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Чукин) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Түркменбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Ә. Дауылбаев

       "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау облысының жолаушылар
      көлігі және автомобиль жолдары
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы
      Ә.Көшербаев
      24 наурыз 2017 жыл

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 24 наурыздағы
  № 80 қаулысына қосымша

АУДАНДЫҚ МАҢЫЗЫ БАР АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ


Автомобиль жолдарының индексі
Автомобиль жолдарының атауы
Жалпы ұзындығы (шақырыммен)
1
КR-KG-1
"Қызылсай – Сенек"
27 шақырым
2
КR- KG-2
"Жаңаөзен – Құланды"
4,1 шақырым
3
КR- KG-3
"Ракушечное" кенорнына кіреберіс
18 шақырым
4
KR- KG-4
Ералиев станциясына кіреберіс
12 шақырым
5
КR- KG-5
Жоғарғы Мұнайшы ауылына кіреберіс
3 шақырым
6
КR- KG-6
Жетыбай станциясына кіреберіс
2 шақырым
7
КR- KG-7
Ботагөз ауылына кіреберіс
3 шақырым
8
КR- KG-8
Құрық ауылынан өту
1 шақырым
9
КR- KG-9
Ералиев станциясына өту
3 шақырым
10
КR- KG-10
Құрық әуежайына өту
2 шақырым
11
КR- KG-11
"Сенек-Аққұдық"
87 шақырым
12
КR- KG-12
"Құрық – Құрық порт"
22 шақырым
13
КR- KG-13
"Құрық порты– Қызылқұм жері"
10 шақырым
Барлығы
194,1 шақырым

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады