Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы №19 "Қарақия ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 6 қазандағы № 198 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 қазанда № 3441 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңдарына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қарақия ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 24 қаңтардағы №19 "Қарақия ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3272 болып тіркелген, 2017 жылғы 23 ақпандағы №14 (783) "Қарақия" газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қарақия ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы";

      көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қарақия ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.";

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.Байбосинова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Ә. Дауылбаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарақия аудандық білім бөлімі"

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      Байбосинова Клара Хисаровна

      06 қазан 2017 жыл.

  Қарақия ауданы әкімдігінің
  2017 жылғы 6 қазандағы
  № 198 қаулысына қосымша

Қарақия ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы топтар

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)

Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың бір айдағы төлем ақы мөлшері (теңге) (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар)

Балабақша (мемлекеттік/ жеке меншік)

Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын -орталық

Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын -орталық

Дербес толық күн болатын шағын - орталық

Дербес жарты күн болатын шағын - орталық

Балабақша (мемлекеттік/ жеке меншік)

Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық

Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық

Дербес толық күн болатын шағын орталық

Дербес жарты күн болатын шағын орталық

1

1-ден 3-ке дейінгі топтар

280

78




11919

11919




2

4-тен 5-ке дейінгі топтар

180





11919




3

10-нан және одан да артық топтар

620





11919






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады