Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 06.10.2017 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Қарақия ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қарақия ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 06.10.2017 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. "Қарақия аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі (К.Х.Байбосинова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Күмісқалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Ә. Дауылбаев |
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарақия аудандық білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Байбосинова Клара Хисаровна
24 қаңтар 2017 жыл.
Қарақия ауданы әкімдігінің | |
2017 жылғы 24 қаңтардағы № 19 | |
қаулысымен бекітілген |
Қарақия ауданы бойынша 2017 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда- Маңғыстау облысы Қарақия ауданы әкімдігінің 06.10.2017 № 198 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы топтар | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-ананың бір айдағы төлем ақы мөлшері (теңге) (жеке меншік, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар) | ||||||||
Балабақша (мемлекеттік/ жеке меншік) | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын -орталық | Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын -орталық | Дербес толық күн болатын шағын - орталық | Дербес жарты күн болатын шағын - орталық | Балабақша (мемлекеттік/ жеке меншік) | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық | Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық | Дербес толық күн болатын шағын орталық | Дербес жарты күн болатын шағын орталық | ||
1 | 1-ден 3-ке дейінгі топтар | 280 | 78 | 11919 | 11919 | ||||||
2 | 4-тен 5-ке дейінгі топтар | 180 | 11919 | ||||||||
3 | 10-нан және одан да артық топтар | 620 | 11919 |