РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 52 "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2666 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 21 сәуірде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Түпқараған ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Демеуова Г. Н.) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Түпқараған ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалысын бақылау Түпқараған аудан әкімі аппаратының басшысы Г. Демеуоваға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Асауов |