Ескерту. Күші жойылды – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 20.07.2017 № 102 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130500, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Д.Тәжіұлы көшесі, № 13, Түпқараған ауданы әкімі аппаратының ғимараты.
2. Қоса беріліп отырған "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
3. "Түпқараған ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Г.Демеуова):
осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларын қабылдасын.
4. "Түпқараған аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж.Төлеген) коммуналдық меншік нысандарының тізбесіне тиісті толықтыру енгізсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Г. Демеуоваға жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Асауов |
Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 17 наурыздығы № 52 қаулысымен бекітілген |
"Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
6. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 130500, Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Д. Тәжіұлы көшесі, № 13, Түпқараған ауданы әкімі аппаратының ғимараты.
8. Мемлекеттік органның толық атауы – "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
9. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Түпқараған ауданының әкімдігі болып табылады.
10. Осы Ереже "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс режимі "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес дербес анықталады.
2. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
Некені (ерлі-зайыптылықты) және отбасын, ананы, әкені және баланы мемлекеттік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз ету.
15. Міндеттері:
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу;
"Азаматтық хал актілері жазбалары" ақпараттық жүйесін жүргізу;
азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу бойынша ақпараттық қызметтер көрсету.
16. Функциялары:
1) тууды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
2) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру;
4) әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
5) атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
6) азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру;
7) қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
8) ұл (қыз) бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу;
9) некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
"Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
17. Құқықтары мен міндеттері:
"Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқығы бар:
1) мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға ие болуға және жүзеге асыруға;
2) осы Ережеде көзделген мақсаттарды жүзеге асыруға қаражаттарды пайдалануға;
3) сотта талапкер және жауапкер болуға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.
"Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі міндетті:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) белгіленген тәртіпте салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жауапкершілікте болуға.
3. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
18. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Түпқараған ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің міндеттерін анықтайды;
2) "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымдарға тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
3) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
5) өз құзіретінің шегінде "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің орындауына міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
6) мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынастарда "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді.
"Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады.
"Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының құзырына Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзге де мәселелердi шешу жатқызылуы мүмкiн.
"Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi
21. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
"Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
5. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
24. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу Түпқараған ауданы әкімдігінің қаулысымен жүргізіледі.
25. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
6. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Түпқараған аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.