Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы №16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 11 тамыздағы № 11/169 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 тамызда № 3414 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі № 3/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 16.04.2021 № 3/21 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" және 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы № 16/166 "Мұнайлы ауданында әлеуметтік көмек мөлшерін, мұқтаж азаматтар санаттарының тізімін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2320 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 желтоқсанда №56 (377) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Мұнайлы аудандық мәслихатының аппарат басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Конысбаева).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Г. Себепбаева
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту

      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      міндетін атқарушы

      Р.Кесикбаева

      "11" тамыз 2017 жыл

      "Мұнайлы аудандық экономика

      және қаржы бөлімі"

      мемлекеттік мекемесі басшысының

      уақытша міндетін атқарушы

      А. Көшекбаева

      "11" тамыз 2017 жыл


  Мұнайлы аудандық мәслихатының
2017 жылғы 11 тамыздағы
  №11/169 шешіміне қосымша

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі және шекті мөлшерлері


р/с

Санаттар тізбесі

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеме

Шекті мөлшерлер
 

Өтініш білдіру мерзімдері
 

Төлеу мерзімділігі
 

Табысы есептелмей өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек

1

Өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтар
 

Сұрапыл апат немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасыға) немесе оның мүлігіне зиян келтіру
 

50 (елу) айлық есептік көрсеткіштен артық емес
 

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей

Жылына бір рет
 



Өтініш берушінің денсаулығына байланысты мемлекеттік жәрдемақы алмайтын келесі әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы: онкологиялық аурулар, арнаулы туберкулезге қарсы медициналық мекемелерден шығарылған аурулар, иммуннитет тапшылығы вирусы жұққан аурулар және қант диабеті ауруы
 

25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіштен артық емес
 

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезден бастап 6 айдан кешіктірілмей
 

Жылына бір рет
 

Табысы есептеліп өмірлік қиын жағдай туындаған кездегі әлеуметтік көмек

2

Мүгедек студенттер

Өтініш беру алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 4 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың және келісім-шарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың (резидентура) академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге білім беру қызметін төлеу
 

1) оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері;
2) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер
 

Жыл сайын
Ай сайын
 

Оқу ақысын төлеу
Тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемге төлеу оқу жылының 12 айында жүргізіледі

3

1) тұл жетім студенттер, балалар үйінің, балалар ауылының тәрбиеленушілері;
2) келесі отбасыдан шыққан студенттер:
егер ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болуы, жасы бойынша ата-анасының екеуі де зейнеткер болуы, ата- анасының біреуі қайтыс болуы;
төрт және одан да көп баласы бар, кәмелет жасқа толмаған балалармен бірге тұратын, соның қатарында кәмелет жасқа жеткеннен кейін оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа жеткенге дейін) жоғарғы оқу орнында, орташа, техникалық және кәсіби, орташадан кейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі бөлімде оқитын балалары бар отбасылар

Мемлекеттік мекемелерді, мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын, білім беру, денсаулық сақтау, агроөнеркәсіптік, әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт кешендерін қамтамасыз ету, байланыс, туризм салаларының, сондай ақ экономиканың дамушы салаларында маркетинг пен менеджмент, ақпараттық-коммуникативтік технологияларды меңгерген білікті мамандарды даярлау мақсатында, өтініш беру алдындағы он екі айға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 4 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың және келісім-шарттың болуы кезінде Қазақстан Республикасының оқу орындарында бакалаврдың (резидентура) академиялық деңгейін алу үшін күндізгі бөлімде оқитын студенттерге білім беру қызметін төлеу

1) оқу орындарында көрсетілетін білім беру қызметінің баға мөлшері; 
2) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемдер

Жыл сайын
 
 
 
 

Ай сайын
 

Оқу ақысын төлеу
 
 
 
 
Тамақтануға және тұруға кететін шығындарды ішінара өтейтін ай сайынғы әлеуметтік төлемге төлеу оқу жылының 12 айында жүргізіледі

4

"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңының 6 бабында қарастырылған негіздеме бойынша тұлғалар (отбасылар);
Емделуге, отбасы мүшесінің біреуі қайтыс болуына байланысты, тұрмыстық қажеттіліктерге, дәрі-дәрмек, мектепке керек-жарақтарын алуға мұқтаж басқа да тұлғалар (отбасылар)

Өтініш беру алдындағы тоқсанға Маңғыстау облысы бойынша белгіленген, 1,5 еселік ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, отбасының жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы
 

40 (қырық) айлық есептік көрсеткіштен артық емес
 

Өтініш берген күннен бастап
 

Жылына бір рет
 


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады