Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 қазандағы № 14/196 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 7 қарашада № 3454 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 19 наурыздағы № 38/383 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 19.03.2019 № 38/383 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

      2. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы (А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Конысбаева).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Назар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Мұнайлы аудандық тұрғын

      үй-коммуналдық шаруашылығы,

      жолаушы көлігі және автомобиль

      жолдары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      Б. Әбдіхалық

      16 қазан 2017 жыл

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2017 жылғы 16 қазандағы
  №14/196 шешіміменбекітілген

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары Жалпы ережелер

      1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

      2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру үшін аудан әкімдігі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, оның құрамына аталған салаға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары, тиісті мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың өкілдері кіреді.

      Комиссияның жұмысшы органы "Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі болып (бұдан әрі – бөлім) табылады.

      Комиссия осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша иесіз қалдықтарды коммуналдық меншікке беру туралы акт жасайды.

      4. Иесіз қалдықтарды басқаруды бөлім жүзеге асырады.

      5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, жүзеге асыру, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару тәртібі Қалдықтарды есепке алу және бағалау

      6. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес бөлім дербес немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып:

      1) қалдықтардың қауіпті қасиеттерін зерделеу;

      2) олардың қауіптілік деңгейін анықтау;

      3) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө "Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4720 болып тіркелген) және 2007 жылғы 31 мамырдағы №169-ө "Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4775 болып тіркелген) бұйрықтарының негізінде қауіпті қалдықтар паспортын жасай отырып, кодын анықтау жұмыстарын жүргізеді.

      Сонымен қатар бөлім Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңына сәйкес бағалау қызметі саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып, қалдықтардың құнын анықтау жұмыстарын жүргізеді.

      Бөлім жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрында есепке алу үшін Мұнайлы ауданының әкімдігіне қалдықтардың көлемдерi, түрлерi, орналасқан жерi, жай-күйi және оларды басқару жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты электрондық және қағаз тасымалдағыштарда есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша береді.

      7. Халықтың қалдықтарға қолжетімдігін болдырмаудың алдын алуды, олардың оқшаулануын, топырақ жамылғысына, су ресурстары мен атмосфералық ауаға теріс әсерiн азайту жөнiндегі шараларды бөлім қамтамасыз етеді.

      8. Егер, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Заңына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда мұндай қалдықтарға осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен оларды ақысыз негізде өткізу бойынша нормалар қолданылады.

Қалдықтарды одан әрі пайдалану және жүзеге асыру

      9. Қалдықтарды бөлім заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Заңына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша конкурс өткізу арқылы сатады.

      10. Конкурсты дайындауды және өткізуді бөлім жүзеге асырады. Мұнайлы ауданы әкімдігінің бөлімдерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса отырып, Мұнайлы ауданы әкімдігі конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады.

      11. Конкурстың шарттарын Мұнайлы ауданы әкімдігі анықтайды.

      12. Бөлім еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтардың объектісі бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін ақысыз ұсынады.

      Құжаттар пакетін бөлім қалыптастырады және ол конкурстық ұсыныс әзірлеу үшін өтініш берушіге қажетті мынадай ақпараттан тұрады:

      1) қалдық тарихы туралы анықтама;

      2) қалдықтардың сандық-сапалық сипаттамалары туралы ақпарат;

      3) қалдықтардың қасиеттері туралы ақпарат;

      4) қоршаған ортаға әсері туралы мәліметтер.

      13. Конкурс қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында және ашық тәсілмен өткізіледі. Ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру Мұнайлы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

      Конкурсты өткізу мерзімін бөлім конкурс жарияланып отырған қалдықтар объектісінің ерекшелігіне қарай, бірақ конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей анықтайды. Хабарландыру Мұнайлы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында бір мезгілде орналастырылады.

      14. Конкурс өткізу туралы хабарландыру құрамында:

      1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және қалдықтарды жүзеге асыру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау орнының мекен-жайы;

      2) өткізу уақыты мен орны;

      3) қалдықтарды жүзеге асыру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі;

      4) конкурстың негізгі шарттары;

      5) конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы;

      6) ақы төлеу үшін деректемелерді көрсете отырып, конкурсқа қатысу құқығы үшін қалдықтар объектісін бағалау құнының бір пайызын құрайтын жарнаның мөлшері.

      15. Қалдықтарды жүзеге асыру жөніндегі конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдауды бөлім мерзімді баспасөз басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап жүзеге асырады және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау күніне үш күнтізбелік күн қалғанда аяқтайды.

      16. Әлеуетті қатысушылар өтінімдерін осы Қағиданың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынады, соңғы бетіне олардың қолдары қойылып, мөр басылып куәландырылады.

      Конкурсқа әлеуетті қатысушы қажет болған жағдайда конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірге орындаушы) тартуға құқылы, бірақ жұмыс және қызмет көлемінің үштен екі бөлігінен артық болмауы тиіс.

      17. Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзіміне үш жұмыс күні қалғанға дейін бөлімге жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтінімін кері қайтара алады.

      18. Қарау қорытындысы бойынша комиссия өтінімдерді қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Өтінімдерді қарау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бөлім өтінім берушіге конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тарту жолдайды.

      19. Бөлім мынадай жағдайларда өтінім қабылдаудан бас тартады:

      1) осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып өтінім беру;

      2) өтінім беруші өтінімінде жалған немесе дұрыс емес мәліметтер беруі;

      3) өтінімде өтінім берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржы мүмкіндіктері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5446 болып тіркелген) нысан бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектiң (бар) жоқ екендiгi туралы мәліметтер, қаржы мүмкіндіктерін растайтын құжат) бар екені немесе оларға ие болатыны туралы құжат жүзінде растаманың болмауы.

      20. Конкурсқа қатысуға дайындық бойынша шығынды қоса алғанда, конкурсқа қатысушылардың жұмсаған шығындары қайтаруға не өтелуге жатпайды. Бөлім конкурстың қорытындысы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп танылмаған конкурсқа қатысушыларға жарналарын қайтарады.

      21. Конкурсқа қатысуға жіберілген өтінім беруші конкурстық ұсыныс жасайды және оны бөлімге конверттерді ашу рәсіміне бір сағат қалғанға дейінгі уақыттан кешіктірмей ұсынады. Бөлімге келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға кері қайтарылмайды.

      22. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар құрамында:

      1) өтінім берушінің конкурс өткізу тәртібіне және өтінім берушінің міндеттеріне қатысты осы Қағидалардың шарттарымен танысқандығы туралы растауы;

      2) жарғының көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

      3) әлеуетті қатысушының бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың көшірмесі;

      4) жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлердің тізбесі, қосалқы мердігерлерге берілетін жұмыстардың көлемі мен түрлері (жұмысқа тартылған жағдайда);

      5) конкурсқа қатысу құқығына төленген жарна төлемін растайтын құжат (ақысыз өткізілген жағдайда ұсынылмайды);

      6) әлеуетті қатысушының қолы қойылған баға ұсынысы;

      7) конкурс шарттарын орындауға бағытталуы тиіс бағдарлама (жобаны жүзеге асыру мерзімдері, технологияларды қолдану, қаржы мүмкіндіктері, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) талаптарына сәйкестігі).

      23. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты беттері нөмірленген, тігілген түрде ұсынады және соңғы парағына оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылады.

      24. Конкурстық ұсыныс әлеуетті қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайды есепке алмағанда, тармақтардың арасында жазусыз, өшірулерсіз немесе қоса жазуларсыз ұсынылады.

      25. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысын конвертке мөр соғып бекітеді. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы және заңды мекен-жайы көрсетіледі.

      26. Конкурстық ұсыныстарды конкурстық комиссия конверттерді ашқан күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бағалайды.

      Конкурстық комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді. Хаттамаға конкурстың комиссия мүшелері қол қояды.

      27. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген кезде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептелінеді.

      Конкурстық комиссияның кез келген мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіріп, оны жазбаша баяндайды және ол конкурс қорытындысының хаттамасына тіркеледі.

      28. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия мынадай негізгі критерийлер жиынтығы негізінде анықтайды:

      1) бағдарламаның іс-шаралары конкурс шарттарын орындауды қамтамасыз етуге тиісті (жобаны іске асыру мерзімдері, технологияларды пайдалануы, қаржы мүмкіндіктері, Кодекстің талаптарына сәйкестігі);

      2) баға ұсынысы.

      29. Конкурстың нәтижелері Мұнайлы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында жарияланады, сондай-ақ шұғыл түрде аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

      30. Конкурсқа бір ғана өтінім беруші қатысқан жағдайда, конкурс өткізілген жоқ деп танылады.

      31. Конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде конкурстық комиссия объектіні конкурстан алып тастайды немесе конкурс өткізуді қайта белгілейді. Тек бір ғана өтінім берушінің қатысуына байланысты конкурс қайта өткізілген жоқ деп танылған кезде, бөлім конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша мұндай өтінім берушімен келіссөздер және уәкілетті орган тиімді шарттар негізінде конкурстық ұсыныста олар ұсынғаннан кем болмайтын жағдайда келісімшарт жасайды.

      32. Конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде бір жоба ұсынылмаған жағдайда да конкурс өткізілген жоқ деп танылады.

      33. Конкурс жеңімпазымен қалдықтарды жүзеге асыру туралы келісімшарт (бұдан әрі – Келісімшарт) жасалады, оның шарттары Мұнайлы ауданы әкімдігімен келісіледі. Келісімшарт қалдықтармен жұмыс жасау және жалпы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу, сондай-ақ конкурс жеңімпазының бөлім бекіткен нысан бойынша орындалған жұмыстары туралы есебін ұсыну кезінде Кодекстің талаптарын сақтау бойынша міндеттемелерді қарастырады.

      Есеп бөлімге тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін ұсынылады.

      Келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда бөлім оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзады және конкурс өткізуді қайта жариялайды.

      34. Конкурс екі рет өтпеген деп танылған жағдайда бөлім осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен қалдықтарды ақысыз негізде жүзеге асыруға конкурс өткізеді.

      35. Бөлімнің қалдықтарды жүзеге асырудан түскен қаражаты мемлекет кірісіне жіберіледі.

Қалдықтарды кәдеге жарату және жою

      36. Осы Қағидалардың 31 тармағымен көзделген негіздемелер бойынша қалдықтарды ақысыз негізде жүзеге асыру бойынша конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде қалдықтар талап етілмеген деп саналады.

      Бөлім талап етілмеген қалдықтарды кәдеге жаратуды және жоюды кодекске сәйкес аудандық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырады.

Қорытынды ережелер

      37. Коммуналдық меншiкке түскен қалдықтармен жұмыс iстеу процесінде кодексте көзделген талаптар сақталады.

  Сот шешімімен коммуналдық
  меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару
  қағидаларына
  1 қосымша
  Нысан

Иесіз қалдықтарды коммуналдық меншiкке беру туралы акті

      20__жылғы "___"________________ ______________________

      (жасалған күні) (акт жасалған орын)

      Комиссия құрамында

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      20__ жылғы "___" _________ № _____ сот шешiмiнiң негiзiнде коммуналдық меншiкке мынадай құрамдағы:

Қалдық түрi

Өлшем бірлігі (тонна, текше метр, гектар)

Қалдықтың деңгейі және коды (қалдықтар сыныптамасы бойынша)

Орналасқан жері

Қалдықтардың жай-күйi туралы түсiндірме






      иесiз қалдықтардың қабылданғаны туралы осы актiнi жасады.

      Комиссия мүшелерi (тегі, аты, әкесініңаты, қолы):

      Мөрдің орны

  Сот шешімімен коммуналдық
  меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару
  қағидаларына
  2 қосымша
  Нысан

Өтінім

      1)_________________________________________________________________

      (өтініш берушінің атауы)

      2)_________________________________________________________________

      (өтініш берушінің заңды мекен-жайы және негізгі қызмет орнының мекен-жайы)

      3)_________________________________________________________________

      (мемлекеттік тиістілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтық (жеке тұлғалар үшін))

      4)_________________________________________________________________

      (басшылары немесе заңды тұлғалар иелері және өтініш берушіні ұсынатын тұлғалар туралы мәлімет)

      5) Мұнайлы ауданы әкімдігімен анықталған конкурс шарттарын орындау үшін өтініш берушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық мүмкіндіктері туралы мәліметтер (салықтық берешектiң жоқтығы туралы анықтама, ақшалай қаражаттың бары туралы банктік анықтама) қоса беріледі.

      ________________________ _______

      (бөлімнің атауы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады