Атамекен ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 11 маусымдағы №199 "Атамекен селолық округіне қарасты тұрғын үй массивтері көшелеріне ат қою және бұрынғы атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Атамекен ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 25 қаңтардағы № 24 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 ақпанда № 3275 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына сәйкес және тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып облыстық ономастика комиссиясының 2009 жылғы 29 сәуіріндегі қорытындысы негізінде, Атамекен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Атамекен ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 11 маусымдағы №199 "Атамекен селолық округіне қарасты тұрғын үй массивтері көшелеріне ат қою және бұрынғы атауларын өзгерту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11-7-55 болып тіркелген, 2009 жылғы 31 шілдедегі №30(86) "Мұнайлы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Атамекен ауылдық округіне қарасты тұрғын үй массивтері көшелеріне ат қою және атауларын өзгерту туралы";
      көрсетілген шешімнің 1, 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. 1-қосымшаға сәйкес Атамекен ауылдық округіне қарасты тұрғын үй массивіндегі атаулары жоқ көшелерге атаулар қойылсын.
      2. 2-қосымшаға сәйкес Атамекен ауылдық округіне қарасты тұрғын үй массивтері көшелерінің аттары өзгертілсін.";
      көрсетілген шешімнің 1-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Атамекен ауылдық округіне қарасты тұрғын үй массивіндегі атаулары жоқ көшелердің атаулары";
      көрсетілген шешімнің 2-қосымшасының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Атамекен ауылдық округіне қарасты тұрғын үй массивтері көшелерінің атаулары".
      2. Атамекен ауылдық округі әкімінің орынбасары (Н. Уазиров) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Әкім М.Қалжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады