Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 ақпандағы № 84 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 28 ақпанда № 6857 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің мынадай қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

      2014 жылғы 14 шілдегі № 339 "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4955 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 шілдеде "Қостанай таңы" газетінде жарияланған);

      2014 жылғы 27 қазандағы № 521 "Әкімдіктің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 339 "Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5158 болып тіркелген, 2014 жылғы 3 желтоқсанда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады