Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 183 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 27 сәуірде № 7015 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қостанай облысы әкімдігінің келесі:
      "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстарды айқындау туралы" 2016 жылғы 4 наурыздағы № 99 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6228 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 сәуірде "Костанайские новости" газетінде жарияланған);
      "Әкімдіктің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 99 "Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және жүргізуді мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын жұмыстарды айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 188 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6395 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 мамырда "Костанайские новости" газетінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады