"Құқықтық актiлер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қостанай облысы әкімдігінің қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
2015 жылғы 17 сәуірдегі № 156 "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5609 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 381 "Әкімдіктің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 156 "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5901 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | А. Мұхамбетов |