"Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 156 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 мамырда № 5609 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусымдағы № 309 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 20.06.2017 № 309 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2015 жылғы 17 cәуірдегі
№ 156 қаулысымен бекітілген

"Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыстың энергетика, энергия үнемдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

      1) "Қостанай облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының "Костанайюжэлектросервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) Қостанай облысы әкімдігі энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қостанайгаз" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

      3. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, А. Қасымқанов көшесі, 36 үй.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 10.09.2015 № 381 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыстың энергетика, энергия үнемдеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инфрақұрылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басқару функцияларын жүзеге асыру.

      15. Міндеттері:

      1) облыстың мемлекеттік энергетикалық және тұрғын үй-коммуналдық саясатын жүргізу;

      2) өз құзыреті шегінде стратегиялық дамудың ағымдағы және болашақтағы міндеттерін шешуге бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

      3) облыстың мемлекеттік энергетикалық, тұрғын үй-коммуналдық саясаты бағдарламаларын, инфрақұрылымды дамыту бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      4) барлық қатысушылармен (жеткізушілер мен тұтынушылар) өзара әрекеттесе отырып, облыстың жылу, электр энергиясымен, сумен, газбен, кәрізбен тұрақты жабдықталуын қамтамасыз ету;

      16. Функциялары:

      1) облыстың жетекшілік ететін кәсіпорындарының қызметін талдайды және оларға шаруашылық жүргізу құқығында тиесілі мүліктің орынды пайдаланылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      2) тендерлер өткізуге қатысады, сондай-ақ өз құзыреті шегінде өз бетімен тендерлер өткізеді;

      3) өз құзыретінің мәселелері бойынша бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды мониторингілеу мен бағалауды жүзеге асырады;

      4) әкімшісі болып табылатын бағдарламалар бойынша мемлекеттік сатып алу шегінде қаржы қаражаттарының пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

      5) жетекшілік ететін салаларды дамытудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеуге қатысады және мониторинг жүргізуді жүзеге асырады, өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Үкіметтің қаулыларын, әкімдіктің өңірлік бағдарламаларын, қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындау жөніндегі есептерді дайындайды;

      6) облыстың газбен жабдықтау, энергетика, сумен жабдықтау, кәріз және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытудың басымды бағдарламаларын талдайды, түзетеді және оларды іске асыруға көмек көрсетеді;

      7) облыстың ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындары қызметінің күзгі-қысқы жағдайлар мен су тасқыны кезеңінде жұмыс істеуге дайындығы жөніндегі жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;

      8) коммуналдық меншіктегі мемлекеттік тұрғын үй қорын, коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен құрылыстарын пайдалану саласында заңнаманың талаптарының орындалуына ықпал етеді;

      9) энергия үнемдеу бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, энергетика саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту іс-шараларының орындалуын ұйымдастырады;

      10) облыстың энергетика, энергия үнемдеу саясатының іске асырылуына және инфрақұрылымның дамуына талдау жүргізеді, түзету енгізеді және көмек көрсетеді;

      11) энергия үнемдеу технологиялары мен жабдықтарын енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      12) газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру, коммуналдық шаруашылықты материалдық-техникалық жабдықтау, апатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу және ескісін бұзу жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады;

      13) энергетикалық объектілер мен кешендерді орналастыру бойынша ұсыныстар дайындайды;

      14) өз құзыреті шегінде гендерлік саясатты іске асырады;

      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады;

      16) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;

      17) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарды тексеруді жүргізеді;

      18) алынып тасталды - Қостанай облысы әкімдігінің 10.09.2015 № 381 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

      19) жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын дайындау мен жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылайды;

      20) есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту бойынша актілерді әзірлейді;

      21) табиғи монополия субъектілері мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөліміне енгізілген әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттелетін қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) келіседі;

      22) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидасын және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басқа да актілерді бекіту жөніндегі актілерді әзірлейді;

      23) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады;

      24) ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;

      25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы әкімдігінің 10.09.2015 № 381 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыреті шегінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары, басымдықтары мен даму стратегиясы бойынша облыс әкіміне ұсыныстар енгізу;

      2) облыс әкіміне, жергілікті және орталық атқарушы органдарға облыстың дамуының стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыруға кедергі жасайтын, олар қабылдаған актілерді өзгерту немесе жою туралы ұсыныстар енгізу;

      3) "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді орындау үшін өз құзыреті шегінде мемлекеттік биліктің тиісті органдарынан, ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан ақпарат сұрату және алу;

      4) энергия үнемдеу бағдарламасын әзірлеуге қатысу және оның іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру;

      5) өз құзыретінің мәселелері бойынша келісімдерге, өзге де құқықтық актілерге қол қою;

      6) басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, кәсіпорындардың экономикалық сауықтырылуы жөніндегі шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

      7) өз қызметін "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асыру;

      8) өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

      9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтармен және өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысын Қостанай облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:

      1) "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады;

      2) "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген функциялардың орындалуына, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін дербес жауап береді;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және ұйымдарда білдіреді;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      7) "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;

      8) өзінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді.

      "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      23. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

"Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      27. "Қостанай облысы әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының "Костанайюжэлектросервис" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы: 110300, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Энергетиков көшесі, 1 үй.

      28. Қостанай облысы әкімдігі энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қостанайгаз" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны. Заңды тұлғаның орналасқан мекенжайы: 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Алтынсарин көшесі, 130.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады