Әкімдіктің 2011 жылғы 14 қазандағы № 415 "Демалыс аймағы базасы, туристік базаны пайдалану және қызмет көрсету, "Құрылыс материалдар қоймасы" объектісінің құрылысына арналған телімдерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше шарттарын және тәртібін белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 525 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 қарашада № 7302 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 03.08.2022 № 344 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 39-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 415 "Демалыс аймағы базасы, туристік базаны пайдалану және қызмет көрсету, "Құрылыс материалдар қоймасы" объектісінің құрылысына арналған телімдерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруақорлықпен пайдаланудың ерекше шарттарын және тәртібін белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3786 болып тіркелген, 2011 жылғы 1 желтоқсанда "Костанайские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Құрылыс материалдар қоймалары" объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы", орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      мемлекеттік тілдегі 1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Уәкілетті органдарымен келісілген, бекітілген жобалық құжаттардың негізінде "Құрылыс материалдар қоймалары" объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Құрылыс материалдар қоймалары" объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.", орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:

      мемлекеттік тілдегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Құрылыс материалдар қоймалары" объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары", орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;

      2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органмен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, энергиямен жабдықтау және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай
облысының әкімі
А. Мұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Ауыл

      шаруашылығы министрлігі Су

      ресурстары комитетінің Су

      ресурстарын пайдалануды реттеу

      және қорғау жөніндегі

      Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесінің

      басшысы

      ______________________Г. Оспанбекова

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Қоғамдық

      денсаулық сақтау комитетінің

      Қостанай облысы Қоғамдық

      денсаулық сақтау департаменті"

      республикалық мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      _______________ О. Бекмағамбетов

  Әкімдіктің
2017 жылғы 20 қазандағы
№ 525 қаулысына қосымша
  Әкімдіктің
2011 жылғы 14 қазандағы
№ 415 қаулысына 1-қосымша

"Құрылыс материалдар қоймалары" объектісін, демалыс аймағы базасын салуға, туристік базаны пайдалануға және қызмет көрсетуге арналған учаскелерде Тобыл және Аят өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері

Су объектісі, оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Орташа көп жылдық судың сабалық кемері (метр)

Шекараның қашықтығы, ұзындығы (метр)

Шекараның қашықтығы, алаңы (гектар)

Шекараның қашықтығы, ені (метр)

Шекараның қашықтығы, ұзындығы (метр)

Алаңы (гектар)

Ені (метр)

Тобыл өзені Лисаков қаласы, өнеркәсіптік-коммуналдық аймағы,11А мекенжайы бойынша орналасқан құрылыс материалдар қоймасының құрылысына арналған жер учаскесі

140,0

5,95

400-450

140,0

1,4

100

180,0

Тобыл мен Аят өзендері (Қаратомар су қоймасы) Қостанай облысы Таран ауданының Набережный ауылдық округінде орналасқан демалыс аймағы базасының құрылысына және туристік базасын пайдалану мен қызмет көрсетуіне арналған жер учаскесі

186,0

18,6

1000

186,0

1,23

64-68

160,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады